Сенат сот жүйесі мәселелері туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заң жобасы мақұлданды.

Қаралып отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» конституциялық заң жобасымен сәкестендіру мақсатында әзірленген, - деді Нұрлан Бекназаров.

Оның айтуынша, заң жобасымен әкімшілік заңнаманы жетілдіру, сот жүйесін қаржыландырудағы жаңа модельді қалыптастыру және судьялық кадрларды іріктеу сияқты мәселелері қарастырылған.

Сот жүйесі – мемлекет негіздерінің басты құрамдас бөлігі және әлеуметтік-экономикалық, саяси жаңғырту жолындағы еліміздің демократиялық дамуының маңызды бағыттарының бірі. Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет, Қылмыстық-процестік, Әкімшілік-рәсімдік кодекстеріне және «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына түзетулер енгізуді көздейді.Заң жобасын қабылдау сот жүйесін жаңғырту бағытында атқарылып жатқан реформаларды іске асыруға және сот жүйесін дамытуға ықпал ететін болады.Сондай-ақ енгізіліп отырған түзетулер сот жүйесін білікті кадрлармен қамтамасыз етіп, судьялардың жауапкершілігі мен қаржылық тәуелсіздігін қалыптастырады деп есептеймін, - деді депутат.

Оның айтуынша, сот жүйесін қаржыландыру туралы шешімдер соттардың тәуелсіздігі қағидатына қатаң сәйкестікте қабылдануға тиіс.

Заң жобасын қабылдау теріс құқықтық, әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды.Комитет мүшелерінен және Сенат Комитеттерінен Заң жобасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ.Осыған байланысты жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Сенат Регламентінің 58-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынады, - деді Бекназаров.

Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдап, екінші оқылымда қарауға қалдырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы