Сенат сайлауы таза өтті – Берік Имашев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Сенаты сайлауында заңбұзушылық орын алған жоқ. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев айтты.

"Сайлау туралы" конституциялық заңының бұзылуы туралы аумақтық сайлау комиссияларынан ұсыныстары немесе таңдаушылардың арыздары келіп түскен жоқ. Дауыс беру мен басқа да сайлау рәсімдері сайлау заңнамасының нормаларына сай өтті. 

Бұл сайлау науқанының ерекшелігі - әйелдердің саяси белсенділігі артып келе жатқандығы. Яғни, сайланған 17 депутаттың 5-і әйелдер, бұл көрсеткіш 29,4 пайызды құрады. 2014 және 2017 жылдардағы сайлауда бұл көрсеткіш тек 6 пайыз болған, - дейді Берік Имашев.

Оның айтуынша, сайлау күні Ортсайлаукомның интернет-ресурсы арқылы таңдаушыларды тіркеуді және дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығаруды онлайн байқау сервистері жұмыс істеді.

Осылайша, сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығы қамтамасыз етілді. Бұл процесс ҚР ОСК ақпараттық арналары арқылы жедел түрде жария етілді. Дауыс беру рәсімін және сайлау қорытындыларын шығаруды 242 жергілікті және 5 халықаралық байқаушы байқап отырды. Сайлау өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараны сақтай отырып өткізілді, - дейді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

Бұған дейін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары жарияланды. Дауыс беру күнінің қорытындысы бойынша ҚР Парламенті Сенатының депутаттары болып сайланғандардың тізімі де шықты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы