Сенат сайлауы. Аймақтар дайындығы пысықталды
Бүгін орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.
Сайлау науқаны аясында өткізіліп отырған кезекті отырысқа бейнебайланыс арқылы Қазақстанның барлық өңірлерінен аумақтық сайлау комиссиясының төрағалары мен мүшелері қатысты.
Сайлау науқаны барысында олар сайлау науқанының жүргізілу барысы туралы айтты.
Астана қаласы бойынша Бақыт Бектемісова дайындық барысын айтты.
Астана қаласы бойынша дайындық жұмысы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда «Бейбітшілік,11» мекен-жайы бойынша сайлау учаскесі тағайындалып, дауыс беру күні сағат 10.00-ден бастап жұмыс жасайды. Астана қаласы бойынша 3 кандидат бар. Дауыс беру күні барлық заңға сәкес өткізіледі. Дауыс беру бюллетеньдері арнайы тізім бойынша беріледі. Және өз таңдаушының қасына қол қояды,- деп атап өтті ол.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Астана қаласынан бір емес, екі депутаттың сайланатынын атап өтті. Астана қаласы бойынша дауыс беруге мәслихаттан 31 депутат қатысады деп күтілуде.
Ал Алматы қаласы бойынша Айгүл Халықова мәлімдеді.
Таңдаушылар тізімінде 38 депутат бар. Дауыс беру орны - республикалық «Достық үйі» болып айқындалды. Дауыс беру күніне бүгінде толықтай дайынбыз. Сенат депуттатығына 5 кандидат тіркеліп, кейін 1-і шығарылды. Белгіленген заңға сай бюллетеньдер де дайындалды,-деді ол.
Ақмола облысы бойынша Манарбек Садуов та облыс бойынша тіркелген кандидаттар туралы айтты.
Ақмола облысы бойынша таңдаушылар 234 таңдаушы енгізілді.Болашақ сарайы ғимаратында дауыс беру ұйымдастырылуда. Қазіргі таңда барлық талаптар орындалып, дайындық үстінде.Облыс бойынша 3 кандидат тіркелді,-деді.
Ақтөбе облысы бойынша Нұрлыбек Жүсіпов мәлімдеді.
Таңдаушылар тізімі аймақтық баспасөз беттерінде жарияланды. Таңдаушылар үшін дауыс беру орны толық жасақталды. Сондай-ақ дауыс беру пункті интернет желісіне толық қосылды. Бүгінгі таңда 3 кандидат тіркелді. Олардың барлығы бюллетеньдерге енгізілді,-деп хабарлады.
Шымкент қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев дайындық жұмыстары туралы айтты.
Шымкент қаласындағы таңдаушылар Түркістан сарайында келіп дауыс береді деп жоспарлануда. Сенат депутаттығына 3 үміткер бар. Дауыс берушілердің жалпы саны – 30 ды құрайды»,-деді ол.
Жамбыл облысы аймақтық комиссиясының төрағасы да ақпараттар жергілікті БАҚ-та жарияланғанын айтты.
Барлық деңгейдегі мәслихаттар, қоғамдық бірлестіктер назарына жеткізілді. Дауыс беру пункті нұсқаулыққа сәйкес жабдықталды. Облыс бойынша барлығы 5 кандидат тіркелді. Оның екеуі бюллетеньге енгізіліп, қалған үшеуі өз өтініштері бойынша шығарылды,-деді аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Өмірзақұлы.
Сондай-ақ, басқа өңірлер де отырыс барысында сайлауға дайындық жұмыстары туралы мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Сенатының депутаттығына үміткерлерді тіркеу 29 қараша күні басталып, 24 желтоқсанға дейін жалғасқан еді.
Сайлау науқаны 13 қаңтар сағат 00:00-ге дейін жалғасады.
Ал, 13 қаңтар тыныштық күні болып белгіленген еді.
14 қаңтар күні дауыс беріп, орталық сайлау комиссиясы 20 қаңтарға дейін нәтижелерді жариялайтын болады.