Сенат қауіпті қалдықтарға қатысты заңды қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізу туралы келісімді ратификациялау» туралы заңды қабылдады.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев келісім 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт шеңберінде жасалған халықаралық шарт екенін айтты.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт осы одаққа мүше мемлекеттердің үшінші елдері мен сауда-саттықта тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларының қолдануын көздейді. Қазақстанға қауіпті қалдықтарды әкелу, әкету, транзитін заңнамалық реттеу Конвенциясы және Экологиялық Кодекс нормаларымен жүзеге асырылады, - деді министр.
Айтуынша, Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге қатысты әкелу және әкету кезінде лицензиялық тәртіп қолданылады. Қауіпті қалдықтардың экспорты мен импортына лицензия беруді министрлік 2019 жылдан бастап жүзеге асырады.
Қалдықтарды экспорттайтын және импорттайтын кәсіпкерлер Еуразиялық экономикалық одақтың кеденді аумағынан әкелуге және әкетуге рұқсат беру тәртібі белгілеген тауарлардың тізбесін басшылыққа алады. Жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін қалдықтарды трансшекаралық өткізуіне тыйым салынады. Келісім талаптарын сақтау Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында қауіпті қалдықтарды өткізудің бірыңғай тәртібін белгілеуге мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Брекешев Сенатта.
Сондай-ақ қауіпті қалдықтарды экологиялық негізделген түрде жоюға және қайта өңдеуге, қоршаған ортаның ластануын болғызбауға септігін тигізеді. Тараптар осы келісімге және тараптар мемлекеттік заңнамасына сәйкес қалдықтарын трансшекаралық орнының ауыстырылуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.
Тараптар қалдықтарды көму және залалсыздандыру мақсатында трансшекаралық тасымалдауға жол бермейді.