Сенат өңірлермен жұмыс істейтін негізгі институт болады – Әшімбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев республикалық референдумға қатысып, дауыс бергеннен кейін БАҚ-тың сұрақтарына жауап берді. 

Мен сенатор және Парламент мүшесі ретінде өзгерістердің негізі мен мағынасын түсіндіруге белсенді қатыстым. Біздің әріптестер өзгертулерді дайындаған жұмыс тобында болды. Бірақ мен үшін бұл жеке таңдау деп айта аламын. Яғни, кәсібиден бұрын, жеке таңдауым. Себебі халық бүгін қолдаса, Конституцияға енгізілетін өзгерістер  елдің дамуына өте маңызды. Олар елдің  жаңа дамуына алып келеді. Бұл құр сөз бен формула емес. Әділетті, бәсекеге қабілетті саяси жүйе құруға  мүмкіндік береді. Осы жылдары бұл мәселелерді көтеріп, демократиялық шешімдерді түсіндурде  белсенділік таныттым. Бұл – өте маңызды. Мен үшін де жеке таңдау болып отыр. Біз бүгін өзгертулерді енгізіп қана қоймай, Қазақстан қай бағытта дамитынын таңдаймыз, - деді Әшімбаев. 

Ол өзгерістер қабылданған жағдайда Сенат қалай жұмыс істейтінін айтты. 

Өзгерістердің барлығы халық тарапынан қолдау тапса, Сенат өңірлердің мүдделерін көтеретін, олардың дамына үлес қосатын палата болады. Бұл-біздің негізгі міндетіміз. Президентіміздің де айтып отырғаны – осы. Сенат өңірлерде жұмыс істейді. Олардың мәселелерін көтеріп, Үкіметке айтады. Олардың шешілуіне өз септігін тигізеді. Өзгеріс енгілсе, Сенат өңірлермен жұмыс істсейтін негізгі институт болады. Бұл – біріншіден. Екіншіден, өзгерістерді халық қолдаса, қызметімізді әрі қарай дамытамыз. Заңдардың қарау уақытын қысқартып, кейбір процедураларды қысқартамыз. Бұл да конституциялық реформалардан туындайтын шешімдер. ҚХА квотасы Мәжілістен Сенатқа беріледі. Еліміздегі тұрақтылықты сақтауға, этникалық топтар арасындағы қарым-қатынасқа көбрек көңіл бөлеміз. Бұл да конституциялық реформадан туындайтын мәселелер, - деді ол. 

Әшімбаев айтқандай, рефрендумда азаматтар жауапты шешім қабылдайды.

Біз барлығымыз елдің одан әрі дамуының бағытын анықтаймыз. Сондықтан мен референдум өтеді деп ойлаймын. Біз өңірлерге шықтық. Депутаттар халықпен кездесті. Олардың көңіл-күйі мен ұмтылысын көрдік. Олардың қолдауын да сездік. Сондықтан мен референдумға халықтың 50 пайыздан астамы қатысады деп ойлаймын. Олар қалай дауыс береді, өздерінің таңдауы. Әркім өзіне дұрыс шешім қабылдайды. Бүгін күн соңына дейін қазақстандықтар саяси сауаттылық танытып, дауыс береді деп ойлаймын,- деді Сенат спикері.

Айта кетейік, Сенат спикері Ұлттық академиялық кітапханадағы 111-учаскеде дауыс берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұландықтар дауыс берді
Өзгелердің жаңалығы