Сенат мобильдік қосымшаны іске қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Android және IOS тұғырнамаларында Senate мобильдік қосымшасы іске қосылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
"Senate мобильдік қосымшасы бізбен ыңғайлы әрі оңай қарым-қатынас орнату үшін жасалды. Бұл Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатындағы оқиғаларды білгісі келетін әрі уақытты бағалайтын жандарға арналған мобильдік қосымша. Сондай-ақ, Сенаттың іс-шараларын көруге, отырыстардың стенограммаларын оқуға, палатаға келіп түскен заң жобалары туралы білуге, депутаттардың мемлекеттік органдарға сауалдары туралы ақпарат алуға мүмкіндік бар", - делінген хабарламада.
Қосымшаны орнату үшін AppStore (iPhone) немесе Play marketке (Android үшін) кіріп, Senate атауын іздестіріп, қосымшаны жүктеп, орнатасыз.
Бұл қызметтің одан әрі жетілдіріле бермек. Сондықтан бұл әзірге сынақ ретінде іске қосылып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Өзгелердің жаңалығы