Сенат Конституциялық Соттың судьяларын тағайындады
Бүгін өтіп жатқан Сенаттың жалпы отырысында елімізде жаңадан құрылған Конституциялық Соттың судьялары тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Конституцияға сәйкес Парламенттің әр палатасы Конституциялық Соттың 3 судьясын қызметке тағайындайды. Кандидатураларды палата төрағасы ұсынады. Осыған орай Сенаттан Конституциялық Соттың судьялары қызметіне Ерлан Сәрсенбаевтың, Асан Ескендіровтің, Айгүл Қыдырбаеваның кандидатураларын ұсынамын. Ұсынылған кандидатуралар алдын ала Конституциялық заңнама Сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында талқыланды, - деп атап өтті Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Комитеттің қорытындысын Комитет төрағасы Владимир Волков жариялады.
Комитет Сенатқа Ерлан Сәрсенбаевтың, Асан Ескендіровтің, Айгүл Қыдырбаеваны Конституциялық Соттың судьялары қызметіне тағайындауды ұсынады, - деді Владимир Волков.
Депутаттар дауыс беру нәтижесінде қаулы қабылданды.
Судьялар қызметтеріне 2023 жылы 1 қаңтардан бастап кіріседі.