Сенат Конституциялық сот судьясының өкілеттігін тоқтатты
Сенаттың жалпы отырысында ҚР Конституциялық сот судьясының өкілеттігін тоқтату және лауазымынан босату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жуырда Сенат тағайындаған Конституциялық сот судьясы Ерлан Сәрсембаев жуырда Президент Жарлығымен Әділет министрі лауазымына тағайындалды. "Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы" Конституциялық заңға және Сенаттың регламентіне сәйкес, Конституциялық сот судьясының өкілеттігін тоқтату жөнінде қаулы қабылдауымыз қажет, - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Айта кетейік, Ерлан Сәрсембаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Әділет министрі қызметіне тағайындалған еді. Ол әр жылдары Сенат аппарат басшысының орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті басшысының орынбасары болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Brent мұнайының бағасы 82 доллардан асты
Өзгелердің жаңалығы