Сенат комитетінің төрағасы сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында Нариман Төреғалиев Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып сайланды.

Комитеттің төрағасы қызметіне сенатор Нариман Төреғалиевтің кандидатурасын ұсынамын. Н. Төрағалиев Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын бітірген, мамандығы – экономист. Батыс Қазақстан облысының бірқатар шаруашылықтарында жемісті жұмыс істеді. Орал қаласының әкімі болды. 2017 жылы алтыншы шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды. Сенаттың тұрақты комитетінің хатшысы. Біз Нариман Төрағалиевті іскер ұйымдастырушы, талапты жетекші, жауапты маман ретінде жақсы білеміз. Азаматтық ұстанымы жоғары, әлеуметтік-мәдени және ғылым саласына қатысты мәселелерге барынша жетік, - деді сенатор Нұртөре Жүсіп.

Бұл кандидатуран депутаттардың барлығы қолдап, комитет төрағасы болып Нариман Төреғалиев сайланды. 

Ол өзіне артылған сенім үшін алғыс айтып, бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы