Сенат енді өз бетінше заң шығара алмайды – Асанбаев

2022 жылғы референдумда қабылданған конституциялық түзетулер аясында және Мемлекет басшысының саяси реформалар бағдарламасына сәйкес Сенаттың заң шығару үдерісіндегі және елдің саяси өміріндегі рөлі мен маңызы қайта қарастырылатынын ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері Мұхит Асанбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біріншіден, Сенаттағы президенттік квотаны 15-тен 10 депутатқа дейін қысқарту көзделуде (оның 5-еуі ҚХА ұсынатын болады). Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сенаторлардың өкілеттік мерзімі - алты жыл. Сайланған депутаттардың жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланады, - деді ғылыми қызметкер. 

Сондай-ақ ол Сенат бұдан былай тек Мәжіліс қабылдаған заңдарды мақұлдау немесе бекітпеу құқығына ғана ие болады, яғни енді өз бетінше заң шығара алмайтынын айтты. Сенатқа маңызды мемлекеттік лауазымды тұлғаларды тағайындауға келісім беру, мысалы, Конституциялық Сот пен Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағалары лауазымдарына кандидаттарды бекіту секілді қосымша функциялар берілген.

Бұл Сенат сайлауында республиканың барлық 20 өңірінде бір депутаттан сайланды, бұл жоғарғы палатаның бүкіл құрамының жартысына жуығын құрайды. Бұл өңірлердегі Сенаттың пропорционалды өкілдігінің артқанын көрсетеді, ол өз кезегінде жергілікті сайлаушылардың өңірдің саяси өміріне белсендірек қатысуын ынталандырады, - деді Асанбаев. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы