Сенат депутаттары Алматыдағы аграрлық университетке келді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласында және Алматы облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің көшпелі отырысы өтіп жатыр.

Бүгін депутаттар Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне келіп, ондағы инновациялық жаңалықтармен танысып, ғылыми зертханаларды аралады.

Сондай-ақ, жиын барысында соңғы шығып жатқан арарлық өнімдердің көрмесі ұйымдастырылған. Онда дәнді-дақылдардың жаңа сұрыптары мен өнім түрлері қойылған.



Комитет отырысы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Алматы және Алматы облысы әкімдіктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының қолдауымен өткізіліп жатыр.



Ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігі мен өңделген ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауды 2,5 есе ұлғайту мәселелері аграрлық ғылым, білім және өндіріс интеграциясының жаңа тәсілдерін талап етеді. Елдің жетекші ауылшаруашылық кәсіпорындарында ғылыми қолдаудың әсерімен нәтижелерге қол жеткізілді: астық өнімділігі 16-20 балдық жерлерден 55-60 ц/га деңгейінде, 1 сиырға 8 мың кг-нан асады.



Кеше депутаттар ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы, топырақтану және агрохимия, мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі саласындағы ғылыми-зерттеу институттарына барған.



ҚазҰАУ-де өтіп жатқан жиынға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Алматы облысы әкімдігі, ҰАҒБО, ғылыми-зерттеу институттары мен ауылшаруашылық кәсіпорындары, ауылшаруашылық кәсіпорындарының басшылары мен мамандарының, сондай-ақ оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен ҚазҰАУ студенттері, шетелдік сарапшылар қатысып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы