Сенат депутаттығына 94 кандидат ұсынылды – ОСК
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес республика бойынша Сенат депутаттығына 94 кандидат ұсынылғанын хабарлады.
Салыстырмалы түрде 2017 жылы Сенатқа кезекті сайлауда 89 кандидат ұсынылған, 2014 жылы – 88, 2011 жылы 96 кандидат ұсынылған болатын.
Қазіргі уақытта Сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр. Бұл процесс жылдың 23 шілдесіне дейін жалғасады, - дейді Берік Имашев.
Оның айтуынша, сенатордың бір мандатына орташа алғанда 5 үміткерден келеді.
ҚР ОСК ақпараты бойынша, Парламенттің жоғарғы палатасында орташа есеппен 5 үміткер бір орынға үміткер. Биылғы үміткерлердің ең көп саны Алматы облысында – 9, Нұр-Сұлтан қаласында – 8, ең азы 4 үміткер - Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында ұсынылды, - дейді ОСК төрағасы.
Айта кетейік, биыл 12 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сенат депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы қаулысы шыққан еді. Еліміздің жоғарғы заң шығарушы органы жоғарғы палатасына 17 өңірден бір-бір депутаттан сайлануы қажет. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дәрігер реабилитация кезінде қымыз, шұбат ішуге кеңес берді
Келесі жаңалық
Бразилияда автобус апатқа ұшырап, 17 адам қаза тапты
Өзгелердің жаңалығы