Сенат депутаты еліміздегі азық-түлік бағасын тұрақтандырудың жолдарын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ауыл» партиясының төрағасы, Сенаты депутаты Әли Бектаев мәлімдеді.
Сенат депутаты халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету және баға тұрақтылығын сақтаудың жолдарын атап өтті.
Азық-түлік тапшылығы мен баға тұрақтылығын сақтау үшін алдымен ортадағы делдалдарды құрту керек. Өйткені, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерден тауарды алып, нарыққа шығаратын негізінен солар. Оны базарда отырып сататын да делдалдар. Екінші жолы, бұрынғыдай тұтыну кооперациясы жүйесін қайта енгізу. Яғни халық тұтынатын азық-түлік бір орталықтан, бір бағамен сатуға мүмкіндік жасау керек. Өз басым сонда ғана азық-түлік тапшылығы мен бағаның өсуін тежеуге болады. Ол үшін бізде мүмкіндік бар. Осы орайда бүгінде Сауда министрлігі өңірлерде көтерме сауда орталықтарының негізін қалап жатыр. Оның ішінде азық-түлікте бар. Ендігі мақсат – қолға алған шараны тиянақты атқарып, аяғына жеткізу, – деді Әли Бектаев.
Оның айтуынша, елімізде азық-түлік тапшылығын болдырмау мен бағаның өсуіне жол бермеуге заң тұрғысынан толық мүмкіндік бар.
Сонымен қатар партия төрағасы азық-түлікке қатысты тағы мәселенің барын ашып түсіндірді.
Бүгінде елімізде азық-түлікті сақтау проблемасы бар. Бізде ауыл шаруашылығы өнімдері және дайын азық-түлікті сақтайтын қоймалар жетіспейді. Қойма бар болса да ол стандартқа толық сәйкес келмей жатады. Соның салдарынан өнімнің біразы шіріп, жарамсыз болып қалады. Оның арты тауар тапшылығына және тиісінше бағаның өсуіне алып келеді. Осы сәтте ортаға делдалдар кіріп, бағаны өсіріп жібереді. Азық-түлікті сақтаумен қатар оны жеткізуде айтулы мәселе, – дейді партия төрағасы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елорда тұрғындарын шетелге барудан бас тартуға шақырды
Өзгелердің жаңалығы