28 Тамыз 2020 2020, 12:06

Сенат депутаты Бектас Бекназаровтың өкілеттігі тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаты Бектас Әбдіханұлы Бекназаровтың өкілеттігі тоқтатылды.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаты Бектас Әбдіханұлы Бекназаровтың өкілеттігі тоқтатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бектас Әбдіханұлы Бекназаровтың өкілеттігі тоқтатылды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.