Сенат депутаты Ақмарал Әлназарованың өкілеттілігі тоқтатылды

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Сенат депутаты Ақмарал Әлназарованың өкілеттілігі тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов Ақмарал Әлназарованың басқа қызметке ауысуына байланысты оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымды жариялады. 

Жақында Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.

Сенат отырысында сенаторлар депутаттың өкілеттігін тоқтату жөніндегі қаулы қабылдады.

Айта кетейік, Ақмарал Әлназарова 2020 жылы Қызылорда облысынан Сенат депутаты болып сайланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ДСМ
Өзгелердің жаңалығы