Сенат депутаттығына жүзге жуық үміткер тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент Сенатының сайлауына кандидаттарды тіркеу жалғасуда. Әзірге 94 азамат жоғары палата депутаттығына үміткер.

Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

2020 жылғы 13 маусым мен 12 шілде аралығында республика бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлығы 94 кандидат ұсынылды, – деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев.
Осылайша, Парламенттің жоғарғы палатасының депутаттық бір мандатына орташа есеппен 5-тен астам үміткер тіркеліп отыр.

Биылғы үміткерлердің саны бойынша: Алматы облысында – 9, Нұр-Сұлтан қаласында – 8, Алматы қаласында 7 адамнан ұсынылған, сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында 4 үміткерден ұсынылған.

Кандидаттардың ең кішісі – 30, ал ең үлкені 69 жаста. Үміткерлерді тіркеу 23 шілдеге дейін жалғасады. Ал дауыс беру 12 тамызда өтеді. Сол күні Парламенттің жоғарғы палатасына 17 облыстан 17 депутат сайлануы тиіс.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы