Сенат депутаттары сайлауын өткізудің күнтізбелік жоспары бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық сайлау комиссиясы 2020 жылғы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауға дайындық және оны өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев айтты.

"2020 жылғы 12 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы" қаулы қабылданды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев 2014 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі ағымдағы жылдың қазан айында аяқталатынын атап өтті. 
2014 жылы сайланған Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі ағымдағы жылдың қазан айында аяқталады. Осылайша, 2020 жылдың 12 тамызында республиканың 17 өңірінде еліміздің жоғарғы заң шығарушы органы жоғарғы палатасының бір-бірден депутатын сайлау қажет, - деді ол.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Сенатты Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әрбір облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттар құрайды.
Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру кезінде таңдаушылар – мәслихат депутаттары сайлайды, оларды өз кезегінде жалпыға бірдей сайлауда Қазақстан Республикасының азаматтары сайлайды, - деді Берік Имашев.
Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі алты жылды құрайды. Олардың жартысы әр үш жыл сайын қайта сайланып отырады.
Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге Орталық сайлау комиссиясы басшылық етеді. Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары Парламент депутаттарының сайлауын өңірлерде дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді, - деді ОСК төрағасы.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы