Сенат бәсекелестік ортаны жақсартуға ықпал ететін заң жобасын мақұлдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-климатты жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады.
Заң жобасы 4 кодекс пен 29 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Заң жобасымен ақпаратқа қолжетімділікті жақсарту, бірқатар көрсетілетін қызметті электрондық форматқа ауыстыру, рәсімдерді қысқарту және бәсекелестік ортаны дамыту шаралары көзделді, - деді министр.Сондай-ақ, министр меншік иесінің дербес деректерін көрсетпей, жылжымайтын мүліктің ауыртпалық мәртебесі туралы ақпаратты ашуға рұқсат берілетінін айтты.
Бұл жылжымайтын мүлік нарығында рәсімдеуді жеңілдетіп, күмәнді мәмілелердің тәуекелін төмендетеді. Жеке кредиттік бюро үшін тұтынушылардың табиғи монополиялар субъектілерінің алдындағы борыштары бойынша ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету ұсынылады. Мұндай ақпарат мемлекеттік кредиттік бюроға ғана бүгінде ай сайын беріліп жатыр, - деді ол.Сондай-ақ, Дәленов кәсіпорынды электрондық мемлекеттік тіркеу кезінде банкте ағымдағы шотты міндетті түрде онлайн ашуды қамтамасыз ету ұсынылып отырғанын айтты.
Нұр-Сұлтанда, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда электрмен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімін оңайлату мақсатында техникалық шарттарды беруге өтініштерді қабылдауды табиғи монополиялар субъектілерінің сайттары арқылы электрондық түрде жүзеге асыру көзделеді.Талап арызды ұсынуды электрондық поштаны және мобильді байланысты қоса алғанда, электрондық байланыс құралдары арқылы, ал электрондық мәліметтер болмаған жағдайда қағаз тасығыш арқылы жүзеге асыру ұсынылады, - деді ол.Дәленов атап өткендей, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, топографиясы және техникалық шарттары бар жер учаскелерін беру бойынша үш рәсім бір рәсімге біріктіріледі. Бұл рәсімдердің мерзімін 17 жұмыс күніне қысқартады.
Жалпы, заң жобасы шеңберінде құрылыс бағыты бойынша мерзімдерін күнтізбелік 103 күннен 18 күнге қысқарта отырып, 17 рәсім 3 рәсімге дейін оңайлатылады. Мемлекеттің қатысуымен ұйымдарды құруда негіздемелер тізбесін қысқарту ұсынылады. Осыған байланысты, мемлекеттік кәсіпорындар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік монополия енгізу мақсатында немесе талдау нәтижелері бойынша тауар нарығындағы бәсекелестіктің жеткіліксіз дамуымен байланысты ғана құрыла алады, - деді ол.Министр мемлекеттік кәсіпорындар үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін бекіту бойынша Үкіметтің құзыретін белгілеу ұсынылып отырғанын айтты.
Жалпы, бұл шаралар бәсекелестік ортаны жақсартуға ықпал етеді, - деді министр.Дауыс беру нәтижесінде аталған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бас комитетке заң жобасын екінші оқылымға әзірлеу тапсырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы