Сенатқа депутаттыққа сайланғандардың ең жасы - 44-те
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатына сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады. Депутаттар аймақтар атынан сынға түскен болатын.
Бүгін дауыс беретін барлық 3 071 мәслихат депутатының 2 892-сі тіркеліп, Сенат депутаттарын сайлады.
Елордадан қатысқан үш кандидаттың арасында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры және ауыл шаруашылығының экс-министрі Ақылбек Күрішбаев жеңіске жетті.
Қазіргі депуттатардан СҚО-дан қатысқан Ольга Перепечина, қарағандылық Сергей Ершов, шымкенттік Айгүл Қапбарова, түркістандық Әли Бектаев тағы бір мерзімге сайланды.
Айтпақшы, сайланғандардың ең жасы 44-те. Ол - Батыс Қазақстан облысында сайлаушылардың 70,33 пайыз дауысына ие болған, өзін-өзі ұсынушы, Орал гуманитарлық колледжінің қаржы директоры Ләззат Рысбекова.
Сонымен толық тізім мынандай:
Ақмола облысынан – Ақмола облысы бойынша ревизиялық комиссияның төрағасы Нұрлан Бекенов – 89.5%;
• Ақтөбе облысынан – Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниев - 89%;
• Атырау облысынан –"Казахстан Петрокемикал Индастриз Инк" ЖШС басқарушы директоры (KPI Inc) Сағындық Лұқпанов - 82.69%;
• Батыс Қазақстан облысынан – іскер әйелдері қауымдастығының аймақтық басшысы Ләззат Рысбекова - 70,33%;
• Жамбыл облысынан – Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков - 92,09%;
• Қостанай облысынан – Қостанай облысы әкімінің орынбасары Сергей Карплюк - 87,21%;
• Қызылорда облысынан - Nur Otan партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова - 77,86%;
• Маңғыстау облысынан - "Қаражанбасмұнай" АҚ бірінші вице-президенті Сүйіндік Алдашев - 87%;
• Павлодар облысынан – Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Алтынбек Нухұлы - 81,97%;
• Солтүстік Қазақстан облысынан – қазіргі Сенат депутаты Ольга Перепечина - 87,57%;
• Түркістан облысынан – қазіргі Сенат депутаты Әли Бектаев - 91,53%;
• Шығыс Қазақстан облысынан – Бородулиха ауданының әкімі Ольга Булавкина - 93,07%;
• Алматы облысынан – Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Сұлтан Дүйсембинов – 92,63%;
• Қарағанды облысынан – қазіргі Сенат депутаты Сергей Ершов – 83,15%;
• Нұр-Сұлтаннан – Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев - 75%;
• Алматыдан – Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов - 100%;
• Шымкенттен – қазіргі Сенат депутаты Айгүл Қапбарова – 72%.