Кеше 2026, 09:49 Фото: beIN SPORTS

"Сен бізге Америкада керексің": Трамп Роналдуға көпшілік алдында ерекше ұсыныс жасады

Президент футболшыға мәнсабын Америкада жалғастыруға шақырды.

АҚШ президенті Дональд Трамп "Әл-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналдуға көпшілік алдында үндеу жасап, португалиялық жұлдызды мансабын Америкада жалғастыруға шақырды, деп хабарлайды BAQ.kz.

Роналду, сен барлық уақыттың ең үздік ойыншысысың, сен бізге Америкада керексің. Дереу жолға шық, бізге шұғыл түрде қажетсің! - деп жазды Трамп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін ақпан айында Роналду саудиялық клуб басшылығымен арада туған келіспеушілікке байланысты уақытша команда ойындарына қатысудан бас тартқаны хабарланған еді. БАҚ мәліметінше, шабуылшы «Аль-Насрға» жетекшілік ететін Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорының жұмысына көңілі толмаған.

Айтуларынша, футболшы клубқа қор аясындағы басқа жобаларға, әсіресе «Аль-Хиляльге» қарағанда аз көңіл бөлініп, ресурстар жеткіліксіз деп есептеген. Кейін португалиялық ойыншы қайтадан құрамға оралды.

Еске салайық, Роналду "Әл-Наср" сапында 2023 жылдың қаңтар айынан бері ойнап келеді. Ол Сауд Арабиясына отбасымен бірге қоныс аударған.