Семсерлесуден шешуші лицензиялық турнир өтеді

Семсерлесуден 27-28 сәуір күндері Біріккен Араб Әмірлігінде Париж Олимпиадасының соңғы 6 лицензиясы сарапқа салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, Азия және Океания аймағының іріктеу жарысы өтеді.

Ел намысын қорғайтын спортшылар:

Қылыш

Артём Саркисян
Айгерім Сарыбай

Сапы

София Николайчук
София Актаева

Найза

Ғалым Нұрымов

Әр сайыста 1-орын алған спортшы ғана лицензия иеленеді.

2 күнге жалғасатын бәсекеде 32 мемлекеттен 100-ден астам спортшы жолдамаға таласады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы