Семсерлесуден Қазақстан чемпионаты: әйелдер арасында рапира бойынша үздіктер анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде семсерлесуден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Olympic.kz әйелдер арасында рапира бойынша үздік танылған спортшылар тізімін ұсынды. 

Аталған санат бойынша Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы София Актаева топ жарды.

Шығыс Қазақстандық Күлжан Түсіпбекова екінші орынға жайғасты.

Ал алматылықтар Камила Бекболат пен Виктория Зинова үшінші орынды өзара бөлісті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы