Семсерлесуден алғаш рет Париж олимпиадасына лицензия бұйырды

Семсерлесуден Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан Әлем кубогының шешуші кезеңінде сапы жаттығуы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жолдамаға иелік еткендер:

Руслан Құрбанов

Вадим Шарлаимов

Ерлік Сертай

Эльмир Әлімжанов

Командалық жолдаманың арқасында 3 спортшымыз автоматты түрде жеке сайыста да Олимпиада жүлдесіне таласады.

Бұл 1/8 финалда Оңтүстік Корея спортшылары Чехиядан жеңілуі арқасында мүмкін болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы рейтингте ТОП-4 мемлекеттің қатарына кіріп, тікелей лицензия бұйырды.

Бұған дейінгі Олимпиададағы көрсеткішіміз:

1996 жыл. 1/16 финал. Вячеслав Григорьев

2012 жыл. 1/16 финал. Дмитрий Алексанин

2012 жыл. 1/8 финал. Эльмир Әлімжанов

2016 жыл. 1/16 финал. Илья Мокрецов

2021 жыл. 1/8 финал. Руслан Құрбанов

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы