Кеше 2026, 21:50 Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Семсерлесуден Әлем кубогында Руслан Құрбанов күміс жүлде жеңіп алды

Финалдық кездесуде ол Украина құрамасының өкілі Роман Свичкармен сынға түсті.

Астанада өтіп жатқан семсерлесуден (шпага) Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшы Руслан Курбанов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Финалдық кездесуде ол Украина құрамасының өкілі Роман Свичкармен сынға түсті. Тартысты өткен жекпе-жек 15:12 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Нәтижесінде Курбанов турнирді екінші орынмен қорытындылады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық шпагашы Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жеткен болатын.