Семейлік кәсіпкер 646 отбасына 22 тонна тұқымдық картоп таратып берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, Семей қаласының іргесіндегі шаруашылық жетекшісі Мұхит Тұмабаев төтенше жағдай кезінде мұқтаж жандарға ерекше көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды "Хабар24".
Кәсіпкер 646 отбасына 22 тонна тұқымдық картоп таратып берді. Мақсат – жер үйі немесе саяжайы бар тұрғындардың күзде өздерін мол өніммен қамтып алуына жол ашу. Қалалық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі дайындаған тізімде мүгедек, көпбалалы, аз қамтылған отбасылар бар. Жеткізу жағынан қиналған жандарға волонтерлер көмекке келіп, әр үйдің табалдырығына дейін апарып беруде.
Төтенше жағдайға байланысты үйде отырмыз. Өзіміздің есік алдында бау-бақша бар, балаларды еңбекке баулып, күзгігіе азық-түлігімізді жинап аламыз. Азық-түлік алып жатырмыз және де Елбасының «Біз біргеміз» бастамасымен 50 мыңнан ата-аналар алып, қуаныштымыз, - дейді көпбалалы ана Нұрбигүл Дауылбаева.
Күзде жемісін көріп, бір жылдық азықтарын өздері қамтып алуларына тілектеспіз. Соның игілігін көрсін, жемісін көрсін дейміз! Және де волонтерлер көп көмек көрсетуде. Бүкіл қала бойынша үйлеріне жеткізіп беріп, мүгедек, көпбалалы және де аз қамтылған отбасыларға осындай көмек көрсетіп жатыр, - дейді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Қанат Нұрханов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Індет жұқтырғандар саны 5 мыңнан асты
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы