Семейге жаңа әкім тағайындалды

Алматы, BAQ.KZ. Нұрымбет Сақтағанов Семей  әкімі болып тағайындалды. Нұрымбетов бұл қызметке дейін ШҚО Ұлан ауданының әкімі болған.

Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов 1970 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызылорда педогогикалық институтын, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін, МЭСА дистанциялық білім беру институтын, МЭСА Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтын мұғалім, бухгалтер, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын институт бітіргеннен кейін 1992 жылы Қызылорда қаласындағы №172 орта мектепте мұғалім болып бастаған. 

1993-1994 жылдары ҚР ҚК қатарында болып, әскерден кейін Қызылорда қаласындағы № 9 орта мектепте жұмысын жалғастырды. 

1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 

2001-2006 жылдары – Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінде бас инспектор, төрағаның көмекшісі, бөлім бастығы (Қаржы министрлігінің Кеден комитеті, Кеден бақылау агенттігі). 

2006-2007 жылдары – ҚР Парламентіндегі Үкімет Өкілдігінің бас инспекторы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бөлім басшысы, министрдің кеңесшісі. 

2007-2010 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары. 

2010-2012 жылдары – Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 

2012 жылдан осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Ұлан ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы