Кеше 2026, 20:52
Фото: pixabay.com
Семейден 15 шақырым жерде ауыр жол апатынан бір адам қаза тапты
Жүргізуші Nissan көлігімен соқтығысқан.
ВАЗ-21144 автокөлігінің жүргізушісі Семейден 15 шақырым жердегі тасжолда қарсы жолаққа шығып кеткен. Басқа көлікпен бетпе-бет соқтығысқаннан кейін ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға 23 наурыз күні сағат 15:00 шамасында «Семей – РФ» автожолында, Семей қаласынан 15 шақырым жерде болған. ВАЗ-21144 автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен.
Көлік Nissan Almera маркалы автокөлікпен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан ВАЗ-21144 жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.