Семейдегі жатақханаларға 50-ден астам тұрғын орналастырылды

Өрт ошағына тым таяу орналасқан үш ауылдың 50-ден астам тұрғыны Семейдегі жатақханаларға орналастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың дені балалар, әйелдер мен қарт кісілер. Ерлердің көбі үй мен малды қарау үшін, ауылда қалды. Бородулиха ауданында 2, Семейде 9 эвакуациялық орын дайындалды. Бородулиха ауданы мен облыс орталығының іргесіндегі 5 елді мекеннің 700-ден астам адамы қауіпсіз жерге көшірілді.

 Осында отырмыз. Тамақтандырып, барын салып күтіп жатыр. Дегенмен, «ауыл-аймағымыз не боп жатыр екен» деген алаңдаулы күйдеміз. Үйге қайтқымыз келеді. Мында кеше сағат 10-ға таман келдік. Сағат 08:00-де эвакуация дедік. Күндізден бастап өрт сөндірушілер кезекшілік жасады. Ол уақытқа дейін халыққа түсіндірдім. Дайын тұрыңыздар, ең бірінші керек заттарыңызды, құжаттарыңызды жинаңыздар, - дейді Талица ауылының тұрғыны Бақытгүл Бұлыбаева.

Бірнеше күннен бері өрт өршіп тұрған Бородулиха ауданында 350 кісілік 2, Семейде 900 адам сиятын 9 эвакуациялық орын дайындалған. Халықты жедел көшіруге 10 автобус жіберілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Хабар 24
Өзгелердің жаңалығы