Полиция Семейдегі "жаппай төбелеске" қатысты түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде "Семей қаласындағы жаппай төбелес, 13 адам ауруханаға түсті" деген ақпарат пайда болған. ШҚО полиция департаментінде осы видеоға қатысты түсініктеме берді.
"Бұл видео бұрындары түсірілген. Бұл жанкүйерлер футболдан келе жатыр. Ешқандай төбелес болған жоқ", - деді департамент баспасөз қызметінде.
Видеода бір топ бала жүріп бара жатып, дауыстап айқайлап бара жатқандары көрінеді. Видеоның астында "Семейде жаппай төбелес болып, 13 адам жарақат алды" деп жазылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда дәмхананы "жарып" жібермек болған азамат ұсталды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы