Семейдегі спорт кешені атауына Назарбаев нүкте қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай ШҚО-дағы стадионның атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды.

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ШҚО белсенділерінің «Абай арена» стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқылануда. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай «құрмет-қошеметке» қарсы. Н.Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуы керек, - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, кеше Семейдің зиялы қауым өкілдері Қарағайлы ықшам ауданындағы атаусыз көшеге Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру және осындағы мәдени-спорт кешенін «Елбасы Арена» деп атауды ұсынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы