Семейдегі сарбаздардың шаңғымен жүгіру шеберліктері сыналды
Астана, baq.kz. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және шаңғы жарысын дамыту мақсатында 44736 әскери бөлімінің базасында Семей гарнизонының әскери қызметшілері шаңғымен және жаяу тәртіпте маршты орындау қағидалары бойынша сабақтар өткізді. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
Аталған сабақтарға гарнизонның 300-ден астам әскери қызметшілер қатысты. Оқу-әдістемелік сабаққа «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары полковник Аманғали Джанесов жетекшілік етті.
44736 әскери бөлімінің офицерлері мен сержанттары, соның ішінде бөлім командирі полковник Сабит Үркімбаев, дене дайындығы және спорт бөлімінің бастығы капитан Эльдар Сартаев және нұсқаушы сержант Николай Поштабаев оқу орындарын дайындап, ұйымдастырды. Күрделі климаттық жағдайларға қарамастан, сабақтар өз деңгейінде ұйымдастырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жыл басталмай жатып, елімізде азық-түлік қымбаттады
Өзгелердің жаңалығы