6 Ақпан 2024 2024, 11:50 Фото: Абай облысы ТЖД

Семейдегі өрттің аумағы 4000 шаршы метрден асқан

Семей өрт сөндірушілері сауда үйіндегі өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Семей өрт сөндірушілері сауда үйіндегі өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екі қабатты ғимараттың 1-ші қабатындағы әртүрлі тауарлары бар пластикалық бутиктер өртеніп, өрт 2 қабат пен шатырға тараған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала ауданы шамамен 4000 шаршы метрден астам, - делінген ТЖД таратқан хабарламасында.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Жергілікті жерде Өрт сөндіру штабы жұмыс істеуде. Күштер мен құралдар № 3 шақырудың жоғары дәрежесі бойынша жұмыс атқарып жатыр. Оттың жоғары температурада және ауқымды болуы мен ғимараттың орналасуы, жанғыш материалдар өртті сөндіруге қиындық туғызып жатыр, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта өртті жоюға жеке құрамнан 349 адам, 47 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жұмылдырылған.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске салсақ, Семей қаласында ірі сауда орталығы өртеніп жатқанын жазған болатынбыз.