22 Қыркүйек 2026, 21:13 Фото: Скриншот

Семейдегі өрт: Күйік шалған екі адам ауруханаға жеткізілді

Құтқарушылар өртті толық сөндірді.

Семей қаласындағы Сосновая көшесінде газ-ауа қоспасы тұтанып, кейін газ тасымалдағыш көлік жарылған. Соның салдарынан өрт бір қабатты автожуу ғимаратына және екі жеке тұрғын үйге тараған.

Оқиға кезінде екі адам күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі, полиция, жедел медициналық жәрдем қызметі және «Зеленострой» ЖШС күштері жұмылдырылды. Барлығы 90-ға жуық адам мен 30 техника тартылды.

Құтқарушылар өртті толық сөндірді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.