Семейдегі орман өртінен Озерского ауылының тұрғындары да көшірілді

Абай облысындағы орман өрті қаупінен Озерского ауылының тұрғындары Семей қаласына көшірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орман алқабына жақын орналасқан Озерского ауылдық округі тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оларды Семей қаласына эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Ауыл тұрғындары алдын ала ұйымдастырылған эвакуациялық пункттерге орналастырылды. Ыстық тамақ және бірінші кезекте қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Ауылдағы үйлер мен жеке қосалқы шаруашылықтарын полиция қызметкерлері күзетеді, - деп жазды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазір Озерского ауылының кіре берісіне бекеттер қойылды.

Бұған дейін әкімдік алапат өртке байланысты Бұлақ ауылының тұрғындары Семейге көшірілгенін мәлімдеген.

Айта кетейік, өңірде құрылған жедел штабтың жетекшісі Дмитрий Гариков орман өрті негізінен түнде сөндіріліп жатқанын, қатты жел кедергі келтіріп жатқандығын айтқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы