Семейдегі «елес» қыз ұсталды
Жексенбі күні кешке қаланың жерасты өткелдерінің бірінде 22 жастағы Семей тұрғыны "елес" костюмін киіп, қала тұрғындарын қорқытқан еді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицейлер қоғамдық жерде қала тұрғындарының тыныштығын бұзып, өтіп бара жатқан адамдарды келбетімен қорқытқан құқық бұзушының жеке басын анықтады.
Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін материал жиналды.
Сот қаулысымен қыз кінәлі деп танылып, 69 000 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қандай мұғалімдер ұмытылмайды?
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы