Семейдегі дүкеннен заңсыз тауарлар тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері өңірдегі бірнеше дүкеннен заңсыз тауарларды анықтады.

«Қаладағы Шугаев көшесінде орналасқан дүкенде Қырғыз Республикасының акциздік таңбаларымен және акциздік таңбалары жоқ жалпы 1 180 қорап темекі өнімдерін сату үшін сақтағандығы анықтады. Сонымен қатар, осы дүкен қоймасынан 5 литрлік пластикалық бөтелкеде құрамында адкогольі бар сұйықтық табылды. Оның жалпы көлемі 350 литрді құрайтын 70 пластикалық бөтелкеде», - делінген  мемлекеттік кірістер басқармасы таратқан хабарламада.

Аталған факті бойынша айыпты адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы