Семейдегі аспалы көпір жөндеу жұмысына жабылды
Абай облысының орталығындағы аспалы көпір жөндеу жұмысына жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдікке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, ықтимал авариялық жағдайлардың алдын алу үшін қаланың сол жағалауынан оң жағалауға қарай қозғалыс жабылады.
9-30 маусым аралығында түнгі уақытта сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін аспалы көпірдің (жаңа көпір) жүріс бөлігін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетінін ескертеміз, сондай-ақ, көлік қозғалысы түнгі уақытта қарсы жолақ бойынша ұйымдастырылатын болады. Сіздерден қозғалыс маршруттарын алдын ала қарастыруды, жылдамдық режимін сақтауды және уақытша қолайсыздықтарды түсінуді сұраймыз! – делінген әкімдік таратқан хабарламада.
Ал жаңа ақпаратқа сәйкес, 27-30 маусым аралығында жұмыс күндізгі уақытта сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі, сонымен қатар көлік қозғалысы жартылай жабылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы