Семейде жылына 50 мың тонна өсімдік майын өндіретін зауыт ашылды

Абай облысында «AGRO OIL GROUP» компаниясы жоғары технологиялық өсімдік майын өндіру зауытын іске қосты. Жобаның жалпы құны – 17,3 млрд теңге, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зауыттың қуаттылығы жылына 180 мың тонна күнбағыс дәнін өңдеуге мүмкіндік береді. Осы көлемнен 50 мың тонна жоғары сапалы өсімдік майы өндірілетін болады.

Жаңа өндірістің ашылуы Семей қаласы үшін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызды оқиға болып табылады. Бұл өңдеу өнеркәсібінің дамуына, аймақтың экспорттық әлеуетінің артуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.

Зауытта заманауи жабдықтар орнатылып, өндіріс барысында инновациялық технологиялар қолданылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: АШМ
Өзгелердің жаңалығы