Семейде жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

Бүгін, 14 қыркүйекте Семей қаласында жүк көлігі жөндеу жүріп жатқан көшеде жүк көлігі щұңқырға түсіп кетті. Бұл туралы Абай облысы ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ПД мәліметінше, Ибраев пен Уранхаев көшелерінің қиылысында жүргізіліп жатқан жол-құрылыс жұмыстары кезінде жол жамылғысы жылу торабына жақын маңда опырылып түсті.

Осы сәтте 37 жастағы «Шансиман» көлігінің жүргізушісі учаскеден өтіп бара жатып, көлігімен жартылай шұңқырға түсіп кеткен.

Зардап шеккендер жоқ, тек материалдық шығын келген.

Полиция оқиға орнына дереу жетіп, аумақты қоршап, қауіпсіздік шараларын қабылдады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы