7 Қараша 2026, 14:08 Фото: istockphoto.com

Семейде жолаушылар автобусы жүріп келе жатып өртеніп кетті

Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған. Өрт дер кезінде сөндіріліп, ешкім зардап шеккен жоқ.

Семей қаласында өрт сөндірушілер өртенген автобусты сөндірді. Оқиға кезінде салонда жолаушылар болмаған, ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Семей қаласындағы Қаржаубайұлы көшесінде жолаушылар автобусы қозғалыс кезінде өртенген.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел жетті. Өрт сөндірушілер дереу сөндіру жұмыстарына кірісіп, жалынды қысқа уақыт ішінде ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған, - деп жазылған хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі көлік құралдарының техникалық жағдайы мен электр жабдықтарының жарамдылығын үнемі тексеріп отыру қажеттігін ескертеді.