24 Ақпан 2024 2024, 02:24 Фото: Абай облыстық ПД баспасөз қызметі

Семейде жоғалып кеткен қыз табылды

Семейде жоғалып кеткен 13 жастағы Наргиз Бағдатбекова табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Семейде жоғалып кеткен 13 жастағы Наргиз Бағдатбекова табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, қыз бала аман-есен. Медициналық көмекке де мұқтаж емес. Іздестіру жұмыстары барысында қыз бала "Қазына" сауда-ойын-сауық орталығынан табылғаны белгілі болды.

Еске салайық, 23 ақпанда сағат 10:00 шамасында 13 жастағы жасөспірім Семей қаласы, Восточный мекенжайы бойынша үйінен шығып кеткен және осы уақытқа дейін оралмағаны туралы жазған болатынбыз. Кейіннен қыздың ата-анасы полицияға көмек сұрап хабарласқан. 

Қыз бала үйінен ата-анасымен ренжісіп кетіп қалғаны айтылуда.