Семейде жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім қыз табылды

Семейлік полицейлер жоғалған 15 жастағы қызды тапты. Ол 2 қарашадан бастап үйде болмаған, туыстары полицияға оның жоғалып кеткенін тек 4 қарашада хабарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер мен жоғалған жасөспірімнің туыстары түні бойы қаланы тексерді. Жоғалған қыз 12:00-ге қарай бір-ақ табылған.

Қазіргі уақытта қыздың өзімен және оның заңды өкілімен психологтар профилактикалық әңгіме жүргізіліп жатыр.

Қыздың мінез-құлқы Семей әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияда қаралады, - делінген Polisia.kz сайтында.

Еске салайық, бұған дейін Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы қызды іздестіріп жатқанын хабарлаған едік. Жасөспірім 2 қарашада сағат 08:30 шамасында колледжге оқуға кетіп, оралмаған еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы