23 Желтоқсан 2024 2024, 05:14
Фото: видеодан кадр
Семейде жиһаз цехынан өрт шықты
Абай облысында ТЖМ құтқарушылары жиһаз цехындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Абай облысында ТЖМ құтқарушылары жиһаз цехындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Семей қаласы Водников көшесі бойындағы екі қабатты жиһаз цехының бірінші қабатында тақтайлар, ағаш үгінділері мен төбе жабыны жанып от екінші қабаттың төбесіне ауысты.
ТЖМ күштері қысқа мерзімде жалпы ауданы 250 шаршы метр өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген министрлік таратқан хабарламада.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.