Семейде жер қазу жұмыстарына тыйым салынады

Қыс маусымында жер қазу жұмыстарына тыйым салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаевтың бұйрығына сәйкес қолайсыз ауа райын ескере отырып, жер қазу-құрылыс жұмыстары маусымының аяқталуына байланысты тыйым салынады. 

Қаланың тіршілігін қамтамасыз ету нысандарындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын орындап жатқан кәсіпорындар мен ұйымдарды есептемегенде, барлық жеке және заңды тұлғаларға асфальтбетон және топырақты жабынды аршуға байланысты жер қазу жұмыстарын өндіруге арналған рұқсатты беру 2023 жылғы 15 қазаннан бастап 2024 жылғы көктем маусымына дейін тоқтатылсын, - делінген бөлім басшысының бұйрығында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы