12 Ақпан 2025 2025, 07:10 Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Семейде жеке тұрғын үйде автокөлік пен монша өртенді

Семейде ТЖМ қызметкерлері өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Семейде ТЖМ қызметкерлері өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Восточный правый кентінде жеке тұрғын үй аумағында жеке тұрған гаражда жеңіл автокөлік жанып, от жапсарлас салынған моншаның шатырына ауысқан.

Келген өрт сөндіру бөлімшелері 40 шаршы метр алаңдағы өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.