Семейде жеделсаты құлап, 6 адам жарақат алды

Семейде Әуезов ПБ кезекші бөлімінің диспетчерінен Әуезов даңғылы, 3 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдің жеделсатысы құлағаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқыс оқиға кеше түскі уақытта Әуезов даңғылы бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алған.

Сағат 11.40 шамасында лифтке 6 адам кіргені анықталды. Рұқсат етілген салмақтан асып кету салдарынан лифт кабельдері үзіліп, кабина шахтаға құлаған, - деп хабарлады Семей қалалық әкімдігі. - Қазіргі уақытта зардап шеккендер Семей қаласындағы жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілуде.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы