Семейде жазғы лагерь жұмыс істеуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық білім бөлімінің бас маманы Сәуле Кожебекова Семейде лагерьлердің балаларды қабылдауға дайындығын тексеретін қалалық комиссия бар екенін айтты. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады. 

Биылғы бірінші маусымда лагерьлерге жобалық қуатының 50% ғана толтыруға рұқсат берілген. Яғни өткен жылға қарағанда балалар саны азаяды. 

Тексеру қорытындысына сәйкес, 5 лагерь келушілерді қабылдауға дайын. Демек қала сыртындағы жазғы лагерьлер бүгіннен бастап, яғни 15 маусымнан жалпы 5 лагерь жұмыс істемек: "Достық", "Орбита", "Түрксиб", "Жас қанат" және "Радуга". Міндетті түрде медициналық тексерістен өткізілетін балалар өздерімен бірге қажетті гигиеналық құралдарды алып жүруі керек. Лагерьлер өз кезегінде барлық дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы