Семейде заңсыз жарнамалар алынды
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде Семей қаласында жарнамалық белгілер мен плакаттарды бақылау жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мониторинг барысында бірқатар заңсыз ілінген жарнамалық баннерлер мен конструкцияларды бөлшектеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар қаланың көркін бұзып тұрған жыртылған, ескірген постерлер де алынып тасталынды.
Рейд барысында қаланың ШОБ субъектілерімен заңсыз жарнама орналастыруға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан күдікті ұсталды
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы