6 Тамыз 2026, 23:55
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Семейде TikTok-та балағат сөз айтқан тұрғын жауапқа тартылды
Сот шешімімен әйелге әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл салынды.
Абай облысында TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында заң талаптарын бұзған Семей қаласының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полицияның мәліметінше, мониторинг барысында әйел адамның эфир кезінде балағат сөздер айтып, қоғамдық әдепке қайшы әрекеттер жасағаны анықталған. Тексеру нәтижесінде оның Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны Жанат Әбеуова екені белгілі болды.
Сот шешімімен әйелге әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл салынды.
Полиция интернет кеңістігінде жасалған құқық бұзушылықтар да заң аясында қаралатынын еске салып, мұндай заңсыз әрекеттерді анықтау және жолын кесу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.