Семейде тағы бір үй қабырғасында Абайдың муралы пайда болады
Семейде тоғыз қабатты үйдің қабырғасына Ұлы Абайдың суреті салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл Семей қаласындағы алғашқы қабырға суреті емес.
Бұдан бөлек осы жылы 8 көпқабатты үйдің қабырғалары мен жер асты өткелдеріне муралдар салынды.
Суреттер қаланың сыртқы келбетіне ерекше әсер қосады.
Бұдан бұрын қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасымен Народная 33 мекенжайындағы 9 қабатты үйдің қабырғасына Ұлы Абайдың суретін салу шешімі шығарылған болатын.
Эскиз авторы – Шалқар Ақанов, ал суретті салуға алматылық мердігер ұйым тартылды.
Тұрғын үй қатынастары және ұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметованың айтуынша, муралды салу жұмыстары қазан айының алғашқы жартысында толығымен аяқталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан Дүниежүзілік жол қауымдастығының құрамына кірді
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы